Әлемдік ірі қаржы орталықтары салық төлемеуде

Фотография - Әлемдік ірі қаржы орталықтары салық төлемеуде

Қаржы орталықтары салымдар көлемін азайту үшін банктердегі дағдарыс кезінде түрлі жеңілдіктерді пайдаланып кеткен

365 0

Әлемге әйгілі алпауыт JP Morgan, Deutsche Bank, Merrill Lynch, Nomura Holdings және Morgan Stanley сынды қаржы орталықтары өздерінің миллиардтаған табысына қарамастан 2014 жылы Британ үкіметіне төлеуі тиісті салықтан жалтарып отыр.

 Белгілі болғанындай, қаржы орталықтары салымдар көлемін азайту үшін банктердегі дағдарыс кезінде түрлі жеңілдіктерді пайдаланып кеткен. Сөйтіп 2014 жылы 21 миллиард фунт стерлинг пайда тапқан банктер небәрі 20 миллион фунт стерлинг көлемінде ғана корпоративтік салық төлепті. Аталған жағдайға байланысты қаржылық ұйымдардың ешқайсы әзірге мәлімдеме жасаған жоқ. Себебі олардың салық декларациясы Ұлыбритания заңдылықтарына қарама-қайшы келмейді екен.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!