Бейжіңде шетелдік туристерге шабуыл жасалуы мүмкін деген хабар тарады

Фотография - Бейжіңде шетелдік туристерге шабуыл жасалуы мүмкін деген хабар тарады

Бейжіңде Рождество кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

202 0

Бейжіңде Рождество кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

 Өйткені АҚШ елшілігінің өкілдері мереке кезінде шаһарда шетелдік туристерге шабуыл жасалуы мүмкін деген хабар алғанын айтады. Аспан асты еліндегі Франция, Ұлыбритания мен Австралияның дипломатиялық миссиялары да осындай ақпарат алғандарын хабарлайды. Осы ретте жергілікті билік Бейжің тұрғындары мен қонақтарын сақ болуға шақырды. Қазір туристер арасындағы аса танымал орындарды қарулы жасақ күзетіп жүр.

Хун Лей, Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің өкілі:
- Қазір қажет деген шаралардың барлығы атқарылды. Қытай билігі ел тұрғындары мен шетел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барын салып жатыр.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!