Бейжің әуежайын тұмшалаған түтінге байланысты 226 рейс кейінге шегерілді

Фотография - Бейжің әуежайын тұмшалаған түтінге байланысты 226 рейс кейінге шегерілді

Сондай-ақ балаларды таза ауаға серуенге алып шығуға да тыйым салынды

148 0

Жұма күні Пекин әуежайында қою түтінге байланысты  266  рейс кейінге шегерілді. Алайда Мәскеуге бағыт алған "Аэрофлот» таңғы рейсінің бірі бір сағатқа кешіктірілгені болмаса ресейлік ұшақтардың ұшуына еш кедергі болған жоқ.

  Қазіргі таңда Бейжің қаласындағы ауа құрамындағы зиянды заттар шектік шамадан тыс асып, әр текше метріне 500 микрограмға ал көлемі 2,5 микронға жеткен.

Осы жағдайға байланысты ел астанасында «күлгін» («қызылдан» кейінгі екінші жағдай) деңгейлі экологиялық қауіп төніп тұр. Қала тұрғындарына көшеге шықпауға, шыққан жағдайда арнайы маска мен тыныс алу мүшелерін улы газдан сақтайтын құрылғылар пайдалануға кеңес беріліп отыр. Сондай-ақ балаларды таза ауаға серуенге алып шығуға да тыйым салынды.

Қытайдағы мұндай экологиялық келеңсіз жағдайға жылу-электр стансаларынан шыққан түтін мен автокөлік газдары себеп болып отыр. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!