Ғарыштағы астронавт шатасып бейтаныс әйелге қоңырау шалған

Фотография - Ғарыштағы астронавт шатасып бейтаныс әйелге қоңырау шалған

Жерге Жаңа жыл жақындаған сайын қызық оқиғалар тіркелуде.

265 0

Жерге Жаңа жыл жақындаған сайын қызық оқиғалар тіркелуде.

 Ғарыш стансасында жұмыс істеп жатқан британдық астронавт Тим Пик байқаусызда Жердегі бейтаныс әйелге қоңырау соқты. Ол бұл туралы өзінің Twitter парақшасында хабарлайды.

"Мен жаңа ғана қоңырау шалып тұрып,«Саламатсыз ба, бұл Жер планетасы ма?» деген әйелден кешірім өтінемін. Себебі менің осы ғарыштан қоңыраулатқаным рас. Тек нөмірден қателесіппін!", - деп жазды Пик.

The Daily Telegraph хабарлауынша, есесіне астронавт телефон арқылы жұбайы Ребекканы ала алмаған. Ата-анасымен де сөйлесудің сәті болмапты. Сол себепті ол туыстарына арнап, жауапты автоматты түрде қабылдағыш аппаратқа сәлемдеме жазып қалдырған.

Естеріңізге сала кетсек, майор Тим Пик ғарыш стансасында 15 желтоқсаннан бері жұмыс істеуде.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!