Түркияда 200-ден астам содырдың көзі жойылды

Фотография - Түркияда 200-ден астам содырдың көзі жойылды

Түркияның оңтүстік-шығысында "Күрдістанның жұмысшы партиясына" қарсы операция жалғасуда.

261 0

Түркияның оңтүстік-шығысында "Күрдістанның жұмысшы партиясына" қарсы операция жалғасуда.

Соңғы 10 күн ішінде қызметіне тыйым салынған қозғалыстың 200-ден астам мүшесінің көзі жойылған. Билік өңірдегі бірнеше елді мекен аумағында коменданттық сағат жариялаған. Үкімет сарбаздары күрдтік жасақтар құрған баррикадаларды бұзып, алдын ала орнатылған миналарды залалсыздандыруда. Лаңкестікке қарсы операцияға 10 мыңға жуық әскер мен полиция тартылған. Естеріңізге сала кетейік, Түркиядағы жағдай 20 шілдеде «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» Сириямен шекара бойында ұйымдастырған экстремистік әрекеттен кейін ушығып кетті. Радикал күрдтердің шабуылынан 200-ден адам ажал құшқан.

Абдулла Варкин, кәсіпкер:
- Халық шарасыз күй кешуде. Тіпті науқас адамдар ауруханаға бара алмай қалды. Олар көп қан жоғалтып, дәрігердің көмегі жетпей, үйлерінде қайтыс болуда. Тұрғындар нан, дәрі-дәрмек сияқты зәру заттарға қол жеткізе алмай жатыр.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!