АҚШ-та мешіт өртеніп кетті

Фотография - АҚШ-та мешіт өртеніп кетті

ФБР бұл қасақана өртеу болды деген болжамды да қарастыруда

823 0

АҚШ-тың Хьюстон қаласында мешіт ішінен өрт шықты.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, құлшылық орны қасақана өртелген. Тілсіз жауды ауыздықтауға 80 өрт сөндіруші күш салды. Мешіт сауда орталығының бір бөлігінде орналасқан. От пен түтін тұмшаласа да зардап шеккен ешкім жоқ. Бірақ ғимаратқа едәуір зақым келген. Қазір тергеушілер өрттің нақты себебін анықтау үшін оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!