Қытайда тұңғыш рет лаңкестікке қарсы заң қабылданды

Фотография - Қытайда тұңғыш рет лаңкестікке қарсы заң қабылданды

Жаңа құжат бойынша енді ел әскері шетелде арнайы операция жүргізе алады.

192 0

Жаңа құжат бойынша енді ел әскері шетелде арнайы операция жүргізе алады.

Сонымен қатар жергілікті күштік құрылым өкілдері азаматтардың жеке мәліметін, оның ішінде әлеуметтік желілердегі парақшаларын қарауға мүмкіндік алды. Бұл заңды АҚШ президенті Барак Обама қатаң сынап үлгерді. Оның айтуынша, жаңа құжат шетел компанияларын Қытай үкіметіне құпия ақпараттарын беруге мәжбүрлемек. Бұдан басқа, миллиондаған интернет қолданушылар үнемі тыңшылар назарында болады. Жергілікті билік мұндай шаралар қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қолға алынғанын және тек лаңкестікке қарсы операциялар үшін пайдаланылатынын алға тартуда.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!