Ирак әскері Рамадиде үкімет ғимараттарын содырлардан тартып алды

Фотография - Ирак әскері Рамадиде үкімет ғимараттарын содырлардан тартып алды

Үкімет әскерлері Рамади қаласындағы *ИГИЛ содырлары тартып алған бірқатар ғимараттарды кері қайтарды.

171 0

Үкімет әскерлері Рамади қаласындағы *ИГИЛ содырлары тартып алған бірқатар ғимараттарды кері қайтарды. Бұл туралы Ирак әскери-әуе күштеріне сілтеме жасаған Reuters хабарлайды.

Ақпаратқа сәйкес, бұл үкіметтік ғимараттар кешені Ирак пен Леванттың террористік тобының содырлары қадағалаған осы аймақтағы ең соңғы нысан екен. Reuters атап көрсетуінше, Рамадидегі ғимараттарды тартып алу үкімет әскерлерінің айтарлықтай жетістігі болды.

2014 жылдың басында ТГИЛ лаңкестері Ирактың үштен бір жерін басып алған болатын.

ИГИЛ - Қазақстан аумағында қызметіне тиым салынған террористтік ұйым
24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!