Ауғанстан астанасында жарылыс болды, қаза тапқандар бар

Фотография - Ауғанстан астанасында жарылыс болды, қаза тапқандар бар

Ел астанасы Кабулдың әуежай маңында жарылыс орын алған

114 0

Ауғанстан астанасы Кабул қаласындағы әуежай аумағында жарылыс болды, деп мәлім етті жергілікті билік. 

Әзірге бір адамның қаза тапқаны және 4 адамның жараланғаны белгілі, деп хабарлайды Би-би-си.

Алдын ала дерекке сәйкес жарылыс әуежайға баратын жолда орын алды. Полиция жарылысты жанкешті жүзеге асырды деп санайды.

Соңғы айда елдегі жағдай аса ушығып тұр.

ҚазАқпарат

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!