Ұлыбританияның солтүстігінде төтенше жағдай жарияланды

Фотография - Ұлыбританияның солтүстігінде төтенше жағдай жарияланды

Бұл тасқындардың 24-і адам өміріне үлкен қатер төндіреді

162 0

Ұлыбританияның "Ева" дауылынан соң 300-ден астам ауданды су басу қаупі төніп тұр. Бұл тасқындардың 24-і адам өміріне үлкен қатер төндіреді. Осыған байланысты өңірдің солтүстігінде төтенше жағдай жарияланды. Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон Англияның солтүстік-батысындағы аймақ тұрғындарын құтқару үшін сарбаздарды тартуға бұйрық берген. Қазірдің өзінде Грэтер-Манчестер мен Лидс қалаларының жүздеген тұрғыны қауіпсіз жаққа көшірілді. Сонымен қатар осы өңірдегі өзендер тасып жатыр. Бірқатар елді мекен жарықсыз қалды, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!