Көк түтін басқан Рим мен Миланда көлік айдауға тыйым салынды

Фотография - Көк түтін басқан Рим мен Миланда көлік айдауға тыйым салынды

Милан алдағы үш күнге алты сағат сайын автокөлік, мотоцикл мен мотороллерлердің көше бойы қозғалысына тыйым салды

318 0

Италияның ең ірі екі қаласы Милан мен Римде ауа ластану көрсеткішінің ең шекті деңгейге жетуіне байланысты жеке көлік құралымен жүруге тыйым салынуда. 

Милан алдағы үш күнге алты сағат сайын автокөлік, мотоцикл мен мотороллерлердің көше бойы қозғалысына тыйым салды.

Ал Римде дүйсенбі күні тақ санды нөмірі бар көліктер үшін тоғыз сағатқа шектеу енгізілді. Бүгін, сейсенбіде, жұп санды нөмірі бар көліктердің қозғалысына сонша уақытқа тыйым салынбақ.

Сарапшылардың айтуынша, ерекше жылы, қапырық әрі құрғақ ауа райына байланысты, ауа құрамындағы зиянды заттар сейіліп үлгермей жатыр, деп жазды Baq.kz.


Тегтер:

милан түтін рим

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!