Ресейде лаңкеске көмек теракт жасаумен теңестірілуі мүмкін

Фотография - Ресейде лаңкеске көмек теракт жасаумен теңестірілуі мүмкін

Ресейдің Мемлекеттік думасы терроризмге қарсы бірқатар заң жобасының жиынтығын қарастыруды көздейді.

161 0

Ресейдің Мемлекеттік думасы терроризмге қарсы бірқатар заң жобасының жиынтығын қарастыруды көздейді.

 Құжатқа сәйкес, террористерге қандай да болсын көмектің түрін көрсеткен тұлғалар теракт жасаған адамға теңестірілетін болады. Сондай-ақ лаңкестер мен оларға көмектескендерді камераға бір-біреуден отырғызу ұсынылды. Себебі сол уақытта олар өзгелерді террористік топтарға кіруге үгіттеп, тарта алмайды.

Бүгінде Ресейде террористерге көмектескені үшін айыппұл төлейді немесе ең көбі 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Қазір депутаттар айыппұлды алып тастап, бірден түрмеге отырғызуды және оның мерзімін ұзартуды ұсынып отыр. Осыған дейін терроризмге қарсы заң жобасының жиынтығын Ресей Қауіпсіздік кеңесі мақұлдады, деп хабарлайды informing.ru.

24.kz/


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!