Испанияның солтүстігінде орман өртенуде

Фотография - Испанияның солтүстігінде орман өртенуде

Өңірде қазірдің өзінде 2 мыңнан астам гектарда өсіп тұрған ағаш күлге айналды

284 0

Тілсіз жаумен күресіп жатқан өрт сөндірушілерге жүзге жуық сарбаз қосымша көмек ретінде жіберілген. Алаулап жанған отқа әуеден де су төгілді. Кантабрия аймағында 80-ге жуық орман өрті тұтанған. Өңірде қазірдің өзінде 2 мыңнан астам гектарда өсіп тұрған ағаш күлге айналды. Қоршаған орта оңбай зардап шекті деген мамандар дабыл қағып жатыр. Жергілікті билік өкілдері тілсіз жаумен күресуге оңтүстіктен соққан жел кедергі келтіріп отыр деуде. Табиғи апаттан зардап шеккен ешкім жоқ, деп хабарлады 24.kz.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!