Гвинея Республикасында Эбола індеті толықтай жойылды

Фотография - Гвинея Республикасында Эбола індеті толықтай жойылды

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді.

128 0

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді.

Соңғы науқасты тексерістен өткізгеннен кейін тиісті 42 күн өткен. Ал оның денсаулығынан ауру белгілері табылмапты. Алайда елде сырқаттың осы түрі жайылғалы кеселді 3 мың 800-ден астам адам жұқтырып, жартысынан көбі көз жұмған. 6 мыңнан астам бала ата-анасынан айырылып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Эбола пайда болғалы әлемде 28 мың 600 адам сырқаттанып, олардың жартысына жуығы өлім құшты деген мәлімет таратты.

Мамади Кэйн, емделуші:
- Мұнда алғаш келгенімде, халім өте мүшкіл болатын. Алайда дәрігерлердің көмегімен денсаулығым жақсарып, өзімді жақсы сезініп қалдым. Барлығына алғысым шексіз.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!