Мереке күндері АҚШ-та лаңкестік болуы мүмкін деген хабар тарады

Фотография - Мереке күндері АҚШ-та лаңкестік болуы мүмкін деген хабар тарады

АҚШ-тың барлау агенттіктері елде Жаңа жылдық мейрам күндері лаңкестік оқиғалар орын алуы мүмкін екенін Барак Обамаға хабарлады

107 0

АҚШ-тың барлау агенттіктері елде Жаңа жылдық мейрам күндері лаңкестік оқиғалар орын алуы мүмкін екенін Барак Обамаға хабарлады, деп жазады ТАСС ақпараттық агенттігі.  

Нью-Йорк, Лос-Анджелес және Вашингтон қалаларында терракт болуы әбден мүмкін екендігі шетелдік дерекөздерде айтылған. Әзірге қауіп-қатер туралы ресми ақпарат келіп түспеген. Дегенмен, бүгінгі күні АҚШ билігі қауіпсіздік шараларын күшейтіп отыр.

Федералдық тергеу бюросы елдегі тәулік бойына жұмыс істейтін қауіпсіздік қызметкерлерінің санын көбейтті. Әсіресе, Нью-Йорк, Вашингтон және Лос-Анджелес қалаларында, делінген аталған басылымда.

Нью-Йорк билігінің хабарлауынша, қаладағы жаңа жыл қарсаңында миллиондаған тұрғын жиналатын Таймс-сквер ауданында 6 мыңнан астам полиция қызметкері кезекші болады.

Сондай-ақ, әуеден тікұшақтардың бақылауы, өзендерде полиция қайықтары және автокөлік жүретін жолдарда қосымша мобильді бейнебақылау камералары орнатылады.


baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!