Әсерлі ролик Желіде көптеп қаралуда

Фотография - Әсерлі ролик Желіде көптеп қаралуда

Балаларға өздеріне немесе ата-аналарына сыйлық таңдау керек

337 0

Желі мен мессенджерлерде пайдаланушылар балаларға сыйлықты не өзіне, не ата-аналарына таңдап алуын сұраған бейнероликті қызу талқылауда.

Алғашында ұйымдастырушылар балалардан өздері және ата-аналары қандай сыйлық алғысы келетінін сұрады. Оқушылар кезек-кезек Lego, ноутбук немесе қуыршақ түрінде сыйлықты таңдайды. Ал, ата-аналарының зергерлік бұйымдар немесе теледидарды қалайтынын айтады.

Ұйымдастырушылар олардың армандаған сыйлығын әкелгенде балалар қатты қуанады. Дегенмен, олардың алдына қиын таңдау қойылады: ереже бойынша, өзімен бірге тек өзіне не ата-анасына арналған сыйлықты ғана алып кетуге болады.

Армандаған сыйлықты қанша алғысы келгенімен, балалар өздерінің әкесі мен анасына арналған сыйлықты таңдайды. Балаларының ісін бақылап отырған ата-аналар көз жастарын жасырмайды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!