Брюссельде жаңажылдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынды

Фотография - Брюссельде жаңажылдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынды

Өйткені 29 желтоқсанда мұнда лаңкестік әрекет ұйымдастырмақ болған күдіктілер қолға түскен

248 0

Бельгия астанасы Брюссельде жаңажылдық отшашу атып, мерекелік іс-шаралар өткізуге тыйым салынды. Бұл қауіпсіздік мақсатында қабылданған шешім. Өйткені 29 желтоқсанда мұнда лаңкестік әрекет ұйымдастырмақ болған күдіктілер қолға түскен. Шаһардың өзінде және оған іргелес аудандарда бұл күндері петарда мен отшашу, сондай-ақ ішімдік сатуға тыйым салынады. Қала көшелерінде күштік құрылым өкілдерінің 11 мың қызметкері күзет етпек. Францияда да қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр. Осы ретте Елисей алаңында жарық шашу шоуы бағдарламасы қысқартылып, мерекелік отшашу атуға тыйым салынды. Мұнда да ішімдік сатуға шектеу қойылыпты, деп жазды 24.kz.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!