Түркия EXPO-2016 көрмесіне қызу дайындалып жатыр

Фотография - Түркия EXPO-2016 көрмесіне қызу дайындалып жатыр

EXPO-қалашықта құрылыс бір сәтке де тоқтамай, тәулік бойы қарқынды жүруде

392 0

Түркия биыл сәуір мен қазан айларының аралығында Анталья қаласында өтетін EXPO-2016 халықаралық көрмесіне қызу дайындық жүргізуде.

Таяуда көрмені ұйымдастыру комитеті құрылыс нысандарының мерзімінен бұрын тапсырылуы үшін онда жұмылдырылған жұмысшылардың санын екі есеге өсіріп, 3 мыңға жеткізу жөнінде шешім қабылдады. EXPO-қалашықта Баспасөз орталығы бой көтерді, деп хабарлайды 24.kz.

 Естеріңізге сала кетейік, Антальяда EXPO-2016 көрмесі "Гүлдер мен балалар" тақырыбында өтеді. Оған әлемнің 100-ге жуық мемлекетінен 8 миллиондай турист пен 30-дан астам халықаралық ұйым өкілдері қатысуы тиіс.

"EXPO-қалашықта құрылыс бір сәтке де тоқтамай, тәулік бойы қарқынды жүруде. Ешқандай кедергілеріміз жоқ, демек барлығы жоспар бойынша іске асып келеді. Халықаралық көрменің ашылуына 4 айдай уақыт қалды. Соған қарамастан негізгі деген ғимараттардың құрылысы аяқталуға жақын. Мысалы, 1 сәуірде үлкен мұнара мен конференция орталығы пайдалануға беріледі. ЕХРО халықаралық көрмесі елімізде тұңғыш мәрте өткелі жатыр. Әлемдік маңызы зор шараны жоғары деңгейде ұйымдастыру біз үшін үлкен абырой болмақ. Ондағы мақсатымыз Түркияға көптеп туристерді тарту және мәдениетімізді бүкіл елге таныту болып табылады", дейді Түркияның азық-түлік, ауыл және мал шаруашылығы министрі Фарук Челик.


Тегтер:

Түркия EXPO-2016

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!