АҚШ-та тасқыннан қаза тапқандар саны 22 адамға жетті

Фотография - АҚШ-та тасқыннан қаза тапқандар саны 22 адамға жетті

Тек Техас шататының өзінде дүлей дауылдан қаза тапқандар 10-нан асты

156 0

Американың Миссури және Иллинойс штаттарында тасқын салдарынан қаза тапқандар саны 22 адамға жетті деп хабарлады 24.kz.

Марқұмдардың 15-і Миссури штатының, ал жетеуі Иллинойс штатының тұрғындары. Сондай-ақ жауын-шашынның бәсеңдеп, жағдайдың қалыпқа келуіне байланысты Сент-Луис қаласындағы бір апта бұрын жарияланған төтенше жағдай режимі тоқтатылды. Аймақтағы өзен сулары қалыпты деңгейге түскендіктен, жабылып қалған автокөлік жолдары ашылып, қатынас орнаған. Айта кету керек, өткен жылдың соңғы күндері табиғаттың тосын мінезінен АҚШ-тың бірнеше штаты зардап шекті. Техас шататында дүлей дауыл 10-нан астам адамның өмірін жалмады. Әртүрлі мәліметтерге қарағанда, соңғы күндері болған қолайсыз ауа райы салдарынан АҚШ-та 50-ге жуық адам мерт болған.


Тегтер:

тасқын АҚШ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!