Түрік хакерлері Ресей байланыс министрінің Instagram парақшасын бұзып кірген

Фотография - Түрік хакерлері Ресей байланыс министрінің Instagram парақшасын бұзып кірген

Хакерлер бірнеше арандатушылық жазуы бар сурет жарияланған.

457 0

Түрік хакерлері Ресейдің байланыс және жалпылық коммуникация министрі Николай Никифоровтың Instagram желісіндегі аккаунттын бұзып кірген, деп жазады Lenta.ru. Хакерлер бірнеше арандатушылық жазуы бар сурет жарияланған.

Парақшада бұзып кірген Түркияның Börteçine Siber Tim хакерлік тобы екені жазылған. Соңғы жағында F-16 таңбасы мен күлкіні білдіретін :D мәтіндік смайлик қойылған.

Сонымен бірге парақшаға басмачтық қозғалыс жетекшісі болған Энвер-Пашаның, Түркия жалауы, республиканы құрушы Кемал Ататүрк пен әскери ұшақ суреттері орналастырылған. Сондай-ақ, "Ресей ұшағы құлап барады" деген жазуы бар құлатылған ұшақтың суреті жарияланған.

Естеріңізге салсақ, Ресей-Түрік қатынасы Түркияның әуе күштері 24 қараша күні Сирия аумағында Ресейдің қорғаныс министрлігінің Су-24 бомбалаушы ұшағын құлатқаннан кейін бұзылған. Ұшақ Түркияның әуе кеңістігін бұзған-мыс. Путин, ұшақтың құлатылуын сөз ете отырып, мұны "ту сыртынан соққы" деп атап, Мәскеу мен Анкара арасындағы байланыста үлкен ауыртпалық болатынына уәде еткен. Ресей президенті Түркияға қатысты арнайы экономикалық шаралар қолдану туралы жарлыққа қол қойған, ал кейін жаңа санкциялар бекітті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!