Сауд Арабиясы Тегеранмен дипломатиялық қатынасын үзді

Фотография - Сауд Арабиясы Тегеранмен дипломатиялық қатынасын үзді

Эр-Рияд Тегеранмен арадағы дипломатиялық қарым-қатынасын үзу арқылы тағы бір стратегиялық қателік жасады

326 0

Эр-Рияд Тегеранмен арадағы дипломатиялық қарым-қатынасын үзу арқылы тағы бір стратегиялық қателік жасады.

Иранның Сыртқы істер министрінің Таяу Шығыс және Африка істері бойынша орынбасары осылай деп мәлімдеді. Сонымен қатар ол Тегеран мен Мешхед қалаларындағы саудиялық дипломаттарға ешқандай зиян келмегенін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Сауд Арабиясы кеше Иранмен ара қатынасын үзетінін жариялап, дипломатиялық қызметкерлерге елден 48 сағаттың ішінде кетуді бұйырған болатын. Бұған дейін Эр-Рияд шиіттік ағымның беделді уағызшы Нимр әл-Нимрді және тағы 46 адамды өлім жазасына кескен еді. Осыдан кейін аймақта жаппай наразылық шаралары басталып, ереуілшілер Тегеран мен Мешхедтегі елшілік пен консулдыққа шабуылдар жасап, саудиялық дипломаттар Ираннан шұғыл көшірілген болатын. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі жоғары комиссары Зейд Раад әл-Хусейн Сауд Арабиясы билігін өлім жазасына мораторий жариялауға шақырды.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!