АҚШ-та 150 қарулы адам мемлекеттік ғимаратты басып алды

Фотография - АҚШ-та 150 қарулы адам мемлекеттік ғимаратты басып алды

АҚШ-та 150-ге жуық кісіден құралған қарулы топ Орегон штатындағы ұлттық қорық әкімшілігін басып алды

110 0

АҚШ-та 150-ге жуық кісіден құралған қарулы топ Орегон штатындағы ұлттық қорық әкімшілігін басып алды. Олар федералдық биліктің зомбылығына қарсы бас көтергендерін айтуда.

Бұдан басқа, наразы жұрт 2001 және 2006 жылдары қасақана өрт ұйымдастырғандары үшін сотталған жергілікті әкелі-балалы фермерді бостандыққа жіберуді талап етуде. Бұл шаруалар жеке қожалығындағы жерге орманды зиянды өсімдіктерден қорғау үшін от қойған көрінеді. Ал оларды лаңкестікке қарсы заңнама бойынша соттаған. Солардың құқын қорғап көшеге шыққан ереуілшілер әлі бірнеше әкімшілік ғимаратты басып алатынын ескертіп, басқа америкалықтарды қатарына қосылуға шақырып жатыр. Мектептерде сабақ уақытша тоқтатылды. Жергілікті билік тұрғындарға наразылық өтіп жатқан орынға бармауға кеңес беруде.

Аммон Банди, ереуілші:
- Біз осы жердегі адамдардың емін-еркін өмір сүруіне қол жеткіземіз. Малшылар төрт түлігін бағып, ағаш кесушілер талдарын отап, кеншілер шахталарда алаңсыз жұмыс істеуі тиіс. Олар ешқандай зорлық-зомбылықтан қорықпайтындай қорғалуы керек.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!