Грекия үкіметі Македониядан атауын өзгетуді талап етіп отыр

Фотография - Грекия үкіметі Македониядан атауын өзгетуді талап етіп отыр

Грекия көршілес Македония Республикасының атауын өзгертуді талап етуде.

240 0

Грекия көршілес Македония Республикасының атауын өзгертуді талап етуде.

Себебі, грек елінің солтүстігіндегі шекара бойында тура осындай атаумен аталатын провинция бар. Афина мен Скопье арасындағы бұл дау 24 жылдан бері басылмай келеді. Осы текетірес Македонияның Еуропалық одақ пен НАТО құрамына кіру үдерісін тежеп отыр.

Афиналықтардың пікірі бойынша, мемлекет атауына байланысты мәселе кейін Грекияға қарсы жер дауына ұласуы мүмкін. Сондықтан Афина көрші елді «Бұрынғы югославиялық Македония Республикасы» деп атаған жөн деп есептейді. Оның үстіне, бұл мемлекет БҰҰ-на осы атаумен тіркелген.

Никос Котзиас, Грекияның сыртқы істер министрі:
- Екі жақтағы шектен шыққан әсіре ұлтшылдыққа жол бермеу үшін бізге лайықты түрде ортақ келісімге келу керек.

Қазір келіссөздер БҰҰ-ның аясында өтіп жатыр. Грекиялық министр "әзірге олардың мазмұнын жариялауға болмайды" дейді. Оның македониялық әріптесі Никола Попоски ел билігі референдумда қолдауға ие болмайтын шешіммен еш келіспейтінін мәлімдеді.

Бұл дау екі елге де ортақ мәселелерді шешуге кесірін тигізіп отыр. Мысалы, мигранттарға қатысты. Қазір Македония мемлекеті мен провинциясында мыңдаған босқын жиналып тұр. Афинаның бұл дауды Македония Югославиядан бөлініп, өз тәуелсіздігін жариялаған 1991 жылдан бері даулап жүр. Грекия наразылық белгісі ретінде Македонияның НАТО мен Еуропалық одаққа кіру өтінішін тоқтатып тастады. Македонияның қазіргі премьері, билік басында 9 жылдан бері отырған Никола Груевски ел атауын өзгертуден бас тартты. Бірақ өткен жылдың аяғында ол Грекиядағы әріптесімен сөйлесіп, ерекше дауға нүкте қоюға дайын екенін білдірді. Алайда ол үшін референдум өткізу қажет. Жалпыхалықтық шарада халыққа тағы қандай атаулар ұсынылатыны әзірге белгісіз.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!