АҚШ-та қару саудасына бақылау күшейеді

Фотография - АҚШ-та қару саудасына бақылау күшейеді

АҚШ президенті Барак Обама елдегі қару саудасына қатысты бақылауды күшейту жоспарын қолға алды

97 0

АҚШ президенті Барак Обама елдегі қару саудасына қатысты бақылауды күшейту жоспарын қолға алды. Жаңа жыл мерекесінен кейінгі алғашқы жұмыс күнінде Ақ үй басшысы бұл мәселені елдің әділет министрі мен бас прокуроры және федералды тергеу бюросының директорымен талқылады. Кеңестен кейінгі мәлімдемеде алдағы күндері аталған мәселеге қатысты елдің әділет министрлігі әзірлеген жаңа жоспарлар жарияланатындығы айтылған. Дегенмен аталған өзгерістер қаруды өзін қорғау үшін ұстап жүрген азаматтардың құқығына нұқсан келтірмеуі тиіс екенін де атап өтті президент. Айта кету керек, бұл елде қару саудасының еркін жүргізілуі салдарынан жылына 30 мыңнан астам америкалық қаза табады, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!