Германия босқындарға онлайн-университет ашты

Фотография - Германия босқындарға онлайн-университет ашты

Оқу ордасы 6 факультеттен тұрады

202 0

Оқу ордасы 6 факультеттен тұрады. Оның ішінде сәулет, экономика және шетел тілдері бөлімдері бар. Студенттерге әлемнің үздік профессорлары дәріс оқиды.

Неміс бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бүгінгі күннің өзінде 15 мың адам оқуға ниет білдірген. 17 жастағы Мұхаммед Салал ІТ-технология саласында қызмет етуді армандаған. Алайда жайбарақат студенттік кезеңі сұрапыл соғысқа ұласты. Елін тастап, басы ауған жаққа қаңғып кетуге мәжбүрледі. Осылайша сириялық тұрғын Германияда босқын атанды. Соған қарамастан жас жігіт әлі де білім алуға ниетті. Оған онлайн-университет бағдарламасы мүмкіндік беріп отыр.

Мұхаммед Салал, босқын: - Мен оқуымды Германияда жалғастырғым келеді. Қазір неміс тілін меңгеріп жатырмын. Порталдың ашылғанын естіп, қатты қуанып кеттім. Онлайн-университетте оқуға өтініш жаздым. Оқу ордасындағы дәрістерді әлемге танымал Гарвард және Стэнфорд университеттерінің профессорлары өткізеді. Бағдарлама бойынша студенттер екі жыл бойы онлайн-режимде білім алады. Ал үшінші курста 20 оқу орнының бірін таңдайды. Қазіргі уақытта олармен келісімшарт жасалып жатыр. Онлайн-университеттегі оқу ақысы – 400 еуро. Қайырымдылық шараларының арқасында ұйымдастырушылар жарты миллион еуро жинаған. Бұл қаржы 1 мың адамның оқуын өтеуге жетеді. Сондай-ақ студенттерге шәкіртақы төленеді. Былтыр Германияға жарты миллионнан астам босқын қоныстанған. Сарапшылардың пікірінше, әрбір тоғызыншы келімсек қана екі қолға бір күрек таба алады. Осылайша босқын қатарының артуына байланысты мигранттардың 70%-ы жұмыссыз қалып отыр.


24 kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!