Әлемде 2015 жылы 70-ке жуық журналист қаза тапқан

Фотография - Әлемде 2015 жылы 70-ке жуық журналист қаза тапқан

Ресми деректерге сүйенсек, былтырғы жылы 70-ке жуық журналист өз мамандығының құрбанына айналған көрінеді.

197 0

Ресми деректерге сүйенсек, былтырғы жылы 70-ке жуық журналист өз мамандығының құрбанына айналған көрінеді.

Журналистік зерттеу жүргізушілер үшін «барсакелмеске» айналған мекендердің көшбасында Сирия мемлекеті орналасқан. Соғыс өрті жайлаған жерден 13 журналист қайтпай қалған екен.

БАҚ өкілдерінің бақиға аттануына «Әл-Каида» және «Ислам мемлекеті» террорлық топтарының да  қосқан үлесі аз емес. Ресми деректер бойынша, қаныпезерлердің қолынан 28 журналист қаза тапқан.

Сондай-ақ, журналисттер үшін қауіпті аймақ тізіміне Бразилия, Судан, Иран, Бангладеш және Иемен мемлекеттері еніп отыр. Айта кетейік, қара тізімге биыл бірінші рет Франция мемлекеті де енгізіліп отыр. Сарапшылар бұны Charlie Hebdo баспасына жасалған шабуыл кезінде 10 журналисттің қайтыс болуымен байланыстырады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!