Сауд Арабиясының коалициясы Йемендегі зағиптар орталығын бомбалады

Фотография - Сауд Арабиясының коалициясы Йемендегі зағиптар орталығын бомбалады

Бұдан басқа, халықаралық әскери одақ ұшақтары осы елдің сауда палатасының бас кеңсесін де талқандаған

233 0

Сауд Арабиясы бастаған коалиция Йемен астанасындағы зағиптар мен көзі нашар көретін жандарға арналған орталықты бомбалады. Бұдан басқа, халықаралық әскери одақ ұшақтары осы елдің сауда палатасының бас кеңсесін де талқандаған. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Бұл орталық Дүниежүзілік банктің қаржысына ашылған екен. Бірақ Сана қаласының халқы коалиция күштерінің шиіттік бүлікшілер – хуситтер бекінген жерлерді ғана емес, балалар бар орындарды, тұрғын үйлер мен жануарларды да әуе соққысының астына алып, аяусыз қырып жатқанын айтады. Ашынған жұрт наразылықтарын ереуілге шығып білдіруде. Әуе шабуылдары басталған өткен жылдың тамызынан бері 3 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тауып, 5 мыңнан астамы жарақат алған, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!