Бельгияда теміржолшылар ереуілге шықты

Фотография - Бельгияда теміржолшылар ереуілге шықты

Салдарынан елдің басым бөлігінде 2 тәулік қатарынан пойыздар тоқтап тұр

153 0

Салдарынан елдің басым бөлігінде 2 тәулік қатарынан пойыздар тоқтап тұр. Наразылық шарасы Парижбен Лондонға қатынайтын халықаралық бағыттың да қозғалысына кері әсер етті, деп хабарлады 24.kz.

 Ал елді әбігерге салған дау-дамайдың басты себебі – Брюссель мен Валлония аймағындағы салалық кәсіподақтардың Бельгияның қатаң үнемдеу шарасына қарсылық білдіруі. Ашынған теміржолшылардың пікірінше, бұл шаралар мыңдаған жұмыс орнын қысқартуға әкеп соғады. "Инфрабель" бельгиялық теміржол корпорациясының есебінше, қазір пойыздардың 40%-ы ғана жүріп тұр. Ереуіл жолаушылардың қозғалысын қиындатты. Әсіресе бұл жағдай қыстық емтихан тапсырып жатқан студенттерді әбден мезі етті.

- Әсіресе таңертең Фландрияда көптеген пойыздар тоқтап тұрды. Антверпен-Брюссель бағытында қатынайтын пойыздардың тек 5/1-і ғана жүрді. Кейіннен түс кезінде Шарлеруа бағытында тағы бір теміржол желісі іске қосылып, жағдайды сәлде болса реттеді, деді INFRABEL теміржол корпорациясының өкілі Фредерик Пети



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!