Айова штатында имам Дональд Трампты мешітке шақырды

Фотография - Айова штатында имам Дональд Трампты мешітке шақырды

Олар осылайша оның мұсылмандарды жақынырақ танып, жаңылыс басқанын түсіндіруге тырыспақшы

263 0

Айова штатындағы (АҚШ) Сидар Рапидс қаласының Ана деп аталатын (Mother Mosque) мешітінің имамдары атышулы исламофоб Дональд Трампты өздеріне қонаққа шақырып отыр. Олар осылайша оның мұсылмандарды жақынырақ танып, жаңылыс басқанын түсіндіруге тырыспақшы.

"Дональд Трамп мырза! Бізге келіңіз, көршілеріңізді және отандастарыңызды жақынырақ тани түсіңіз", – дейді мешіт имамы Таха Тавиль. Ол қазіргі уақытта атышулы саясаткердің БАҚ беттерінде көтерген келеңсіздіктеріне тосқауыл қою үшін ең алдымен оның мұсылмандарды жақын танығаны дұрыс деп есептейді.

"Ислам мәдениеті – сүйіспеншілік пен зара түсіністіктің, төзімділік мәдениеті. Біз оның ойында не барын түсінгіміз келеді. Неге оның сөздері жеккөрушілікке толы? Неге ол азаматтардың арасына от жаққысы келеді? Осы үшін де біз онымен кездесіп, сөйлескіміз келеді", – дейі ол.


muslim.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!