Су тапшылығы Колумбия тұрғындарын тығырыққа тіреді

Фотография - Су тапшылығы Колумбия тұрғындарын тығырыққа тіреді

Жауын-шашынның өте аз мөлшерде түсуі жергілікті тұрғындар үшін қолайсыз жағдай тудырып отыр

407 0

Елімізде қыс қаһарына мініп жұртты әбігерге салып жатса, Колумбия құрғақшылықтың зардабын тартып отыр. Жауын-шашынның өте аз мөлшерде түсуі жергілікті тұрғындарды тығырыққа тіреді. Билік өкілдері де жағдайдың жақын арада түзелмейтінін айтып, халықтың көңілін суытты. Ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, табиғи жағдайдан 124 әкімшілік аймақ қара суға зар болып отыр. Метеоролог мамандар болса, "Эль-Ниньо" деп аталатын табиғи құбылыс салдарынан жауын-шашынның тапшылығы әлі екі айға жалғасатынын айтады. Жауынның аз мөлшерде түсуінен елдегі ең ірі Магдалена мен Каука өзендерінің арнасы төмендеген. Бұл келеңсіз жағдай су жағасында тұрып, ырзығын осы өзендерден табатын жүздеген елді мекеннің тұрғындарын қатты алаңдатып отыр, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!