Оңтүстік Корея әскери дайындығын күшейтті

Фотография - Оңтүстік Корея әскери дайындығын күшейтті

Оңтүстік Корея Солтүстік Кореямен шекарасындағы жауынгерлік дайындықты барынша күшейтті.

418 0

Оңтүстік Корея Солтүстік Кореямен шекарасындағы жауынгерлік дайындықты барынша күшейтті.

Аймақта он шақты жерге дыбыс ұлғайтқыш құрылғылар орнатып, Ким Чен Ынның іс-әрекеттерін сынға алды. Сонымен қатар осы шекара маңына танктерге қарсы зымырандар орнатып, әскери бекіністер сала бастаған. Оңтүстік Кореяның соғыс жағдайына мұншама дайындық жасауына көршілес Солтүстік Кореяның ядролық бомбаны сынақтан өткізуі себеп.

Чжон Чжун Хи, Оңтүстік Корея бітімгершілік министрлігінің өкілі:
- Солтүстік Корея 25 тамыз күні екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді бұзып, атом бомбасын сынақтан өткізді. Осыған байланысты Оңтүстік Кореяда тиісті қадамдарға барып, ұлтымыздың қауіпсіздігі мен тұрғындардың тыныштығын сақтайтын шаралар қабылдады.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!