ИСИМ (ДАИШ) содыры өз анасын көпшілік алдында жазалаған

Фотография - ИСИМ (ДАИШ) содыры өз анасын көпшілік алдында жазалаған

Өзінің 20 жасар ұлын ИСИМ қатарынан шығаруға тырысқан әйелдің амалы қайғыға әкелді

296 0

Сирияның Ракка қаласында ИСИМ (ДАИШ)* террористтік тобының бір содыры өз анасын ел алдында жазалаған. Бұл туралы Сириядағы Адам құқықтары бойынша бақылау кеңесінің сайтында хабарланған.

Құқық қорғаушылардың ақпаратынша, оқиға 40 жасар анасының өзінің 20 жасар ұлын  "ИСИМ қатарынан шығып, Раккадан қашуға" көндірмек болғаннан кейін орын алған. Жас жігіт бұл туралы жергілікті топтың басшысына жеткізген, осыдан кейін әйел адам ұсталған. Содан кейін ұлы алаңдағы әйел адам жұмыс істеген қалалық пошта бөлімінің алдында өз анасын жазаға тартқан.

Былтырғы жылдың желтоқсан айында ИСИМ қатарына кіретін "Аль-Ханса" әйелдер бандасының өкілдері сол Ракка қаласында әйелді баласын емізгені үшін өлтірген болатын.

ИСИМ (ДАИШ)* – Қазақстан Республикасы аумағында қызметіне тиым салынған террористтік ұйым.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!