Есірткі саудасындағы танымал "Коротышка" АҚШ үкіметіне тапсырылады

Фотография - Есірткі саудасындағы танымал "Коротышка" АҚШ үкіметіне тапсырылады

Өткен жылдың жазында қылмыскер дәл осы түрмеден жерасты тунелі арқылы қашып шыққан болатын

224 0

Мексиканың бас прокуратурасы бірер күн бұрын тұтқындалған наша бизнесінде «Коротышка» деген атпен танымал Хоакин Гусманды АҚШ үкіметіне тапсырмақ. Ол жақта тұтқынды ауыр қылмыскер деп айыптап, бірнеше жүз жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін. Оны АҚШ-қа жөнелту операциясы осы жылдың ортасында жүргізілуі мүмкін. Бұл уақытқа дейін Гусман Мехико штатындағы өте қатаң режимдегі түрмеге тоғытылады. Айт кету керек, өткен жылдың жазында қылмыскер дәл осы түрмеден жерасты тунелі арқылы қашып шыққан болатын. Оның "Синалоа" деп аталатын қылмыстық тобы АҚШ-қа есірткі тасымалдаумен айналысады. 2011 жылы қылмыскердің өзін "Форбс" басылымы әлемдегі ең бай адамдардың қатарына қосып, оның дәулетін бір миллиард долларға бағалаған, деп жазды 24 .kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!