Каталония президенті отставкаға кетпек

Фотография - Каталония президенті отставкаға кетпек

Каталония басшысы Артур Мас өзінің биліктен кететінін мәлімдеді

77 0

Каталония басшысы Артур Мас өзінің биліктен кететінін мәлімдеді. Оның ойынша, енді бұл орынға Жирон Карлес Пучдемон келуі мүмкін. 2010 жылдан бері Испанияның бұл бөлігін басқарған Артур Мастың қызметтен кетуіне елдегі "Ұлттық үміткерлер бірлігі" партиясы мен "Бәріміз біргеміз" партияларының арасындағы келіспеушілік себеп болған. Каталонияның тәуелсіздігін қолдайтын қос партия коалиция басшысын таңдау кезінде өзара таласып қалған. Дегенмен ішнара алакөздікке қарамастан, олар өткен жылдың қарашасында Испаниядан бөліну бастамасын көтерген. Ал Мадрид болса, бұған қарсы екендерін бірден-ақ басып айтты, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!