Каталония үкіметінің жаңа басшысы тағайындалды

Фотография - Каталония үкіметінің жаңа басшысы тағайындалды

Каталония парламенті жаңа үкімет басшылығына Карлес Пучдемонтты лайықты деп таныды

77 0

Каталония парламенті жаңа үкімет басшылығына Карлес Пучдемонтты лайықты деп таныды. Ол Каталонияның Испаниядан бөлініп, тәуелсіз ел болуына бағытталған "Жол картасын" ұсынған, деп жазды 24.kz.

 Үміткердің Испаниядан бөліну саясатын қолдап қос саяси партиядан 70 депутат дауыс берді. Ал ұлттың бірлігін қалаған 63 депутат қарсы болған. Үкімет басшылығына тағайындалған Карлес Пучдемонт Каталония тәуелсіздігін алу үшін соған қажетті заң қабылдап, мемлекет құрылымын жасақтап және Конституцияға өзгерістер енгізу қажеттігін айтты. Оған қоса, сайлаудың жаңа ережелерін әзірлеп, құқық қорғау органдарына лаңкестікпен күресте көмектесуге уәде берді. Дегенмен Испания премьер-министрі Мариано Рахой Каталонияның Испаниядан бөлінуіне жол бермей, ел бірлігін сақтап қалатынын мәлімдеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!