Гонконгте Қытай билігіне қарсы ереуіл болды

Фотография - Гонконгте Қытай билігіне қарсы ереуіл болды

Гонконг қаласында 6 мыңға жуық тұрғын Қытай Халық Республикасының орталық билігіне қарсы ереуілге шықты

281 0

Гонконг қаласында 6 мыңға жуық тұрғын Қытай Халық Республикасының орталық билігіне қарсы ереуілге шықты.

Мұндай жағдайға соңғы кездері кітап саудасымен айналысқан 5 адамның із-түзсіз жоғалуы себеп болған. Ереуілшілердің айтуынша, Қытай билігі "Бір ел – екі жүйе" деген негізгі заңды бұзып, Гонконгтың ішкі ісіне өте жиі араласады. Сондай-ақ кітап сатушылар Қытай аумағында қамауда отыруы мүмкін. Себебі жоғалғандардың барлығы Қытайдың комунистік билігін сынға алатын қолжетімді кітаптарды сатумен айналысқан.

Ван Каки, ереуілге қатысушы: - Біздің басылымдарда қандай ақпараттардың жарияланатыны Гонконгтің өз еркінде болуы тиіс. Алайда Қытай билігі біздің ісімізге жиі араласып, негізгі заңды бұзып отыр.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!