Қытайда жедел қызметке зомбилерден құтқаруды өтінгендер көбейген

Фотография - Қытайда жедел қызметке зомбилерден құтқаруды өтінгендер көбейген

Қытайдағы шұғыл құтқару желісі таяуда 30 жылдығын атап өтті.

175 0

Қытайдағы шұғыл құтқару желісі таяуда 30 жылдығын атап өтті.

Атап өтерлігі, құтқару қызметіне қоңырау соғып, "Айналамызды зомбилер қаптап бара жатыр! Көмектесіңіздер!" деп, полиция жасақтарын жіберуді сұрайтындар саны артқан, деп жазады Синьхуа агенттігі.

Тіпті "Бөгде планеталықтарды көріп тұрмын! Құтқарыңыздар!" деп те шақырғандар болыпты. Мысалы, Хебей провинциясындағы шұғыл хабарласу желісіне соғылған 13 миллион қоңыраудың тек төрттен бірі ғана нақты қылмысқа, қауіп-қатерге қатысты болған. Ал қалған бөлігінде қоңыраулатқан жұрттың шақыруы бойынша жеткен тәртіп сақшылары алданғандарын сол кезде ғана бір білген. Ал "қуырылған үйрек жегім келіп тұр" деп, хабарласқан келесі бір адам әр 5 минут сайын қоңырау шалып, солай тәулік бойы жұртты мезі қылған.

Жалпы жалған хабар айтып, қоңыраулатушылардың әрекетінен үкіметке тек ғана шығын келеді екен. Сол себепті Қытай полициясы мұндай әрекет жасағаны үшін жауапкершілікті қатайтуды қарастыруда.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!