АҚШ авиациясы Ирактағы ДАИШ қаржысын жойды

Фотография - АҚШ авиациясы Ирактағы ДАИШ қаржысын жойды

Онда нақты қанша қаржы болғаны туралы ақпар берілмеген, дегенмен қоймада бірнеше миллионның сақталғаны анық

220 0

 
АҚШ басқаратын халықаралық коалиция Мосул қаласындағы *ИСИМ (ДАИШ) террористтік ұйымының қаржы сақтайтын қоймасын жарып жіберді. Бұл туралы Американың СNN арнасы хабарлады.

 Алайда онда нақты қанша қаржы болғаны туралы ақпар берілмеген, дегенмен қоймада бірнеше миллионның сақталғаны анық. Себебі Біріккен ұлттар ұйымының мәліметіне сәйкес, лаңкестер күніне 1 миллион 700 мың АҚШ доллары көлемінде табыс табады. Ол қаржының жартысы заңсыз мұнай саудасынан түседі. Соңғы үш жыл ішінде белең алған бұл лаңкестік ұйым «халифат» құру мақсатында Сирия мен Ирак жерінің бірқатар бөлігін басып алған.

*ИСИМ (ДАИШ) - Қазақстан Республикасы аумағында қызметіне тиым салынған террористтік ұйым.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!