Полицейлер ұры жұтып қойған алтынды бананның көмегімен сыртқа шығартты

Фотография - Полицейлер ұры жұтып қойған алтынды бананның көмегімен сыртқа шығартты

Оқиға барысында жас жігіт қаладағы базарлардың бірінде кетіп бара жатқан әйелдің мойнындағы алқасын тартып жұлып, ала қашады

307 0

Үндістанның Мумбаи қаласында полицейлер алтын алқаны жұтып қойған ұрыға бір дорба бананды күштеп жегізді, деп хабарлайды The Guardian. Оқиға барысында жас жігіт қаладағы базарлардың бірінде кетіп бара жатқан әйелдің мойнындағы алқасын тартып жұлып, ала қашады. Бірақ, құнды әшекейінен айырылған әйел сол жерде айқай салып, айналадағы жұртты аяғынан тік тұрғызды. Ақыры жігітті қуып жеткен топ оны жерге атып ұрып, сабай бастайды. Осы кезде жетіп үлгерген тәртіп сақшылары ұрыны ашуға мінген жұрттан арашалап қалды. Артынша 25 жастағы жігіт ұрлаған алқаны жұтып қойғанын мойындайды. Мұны ести салысымен, полицейлер жігітті ауруханаға ала жөнелді. Рентген суретінен кейін ұрының асқазанынан алқаны алмақ болған полицейлер оның палатасына 48 банан салынған кәрзеңкемен қайтып келді. Банандарды тәртіп сақшыларының қадағалауымен еріктен тыс жеген жігіт ақыры дәретханаға барды. Сөйтіп, салмағы 25 грамдық алқа өзінің заңды иесіне кері қайтарылды, деп жазады 24.kz.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!