Әлемдегі ең қарт мафиози туған күнін дүркіретіп атап өтті

Фотография - Әлемдегі ең қарт мафиози туған күнін дүркіретіп атап өтті

Мерейтой құрметіне мол дастархан жайылды

484 0

Ең қарт мафиози Прокопио Ди Маджо өзінің 100 жасқа толуын атап өтті. Осыған орай ол кең дастархан жайды, деп жазады Today.kz La Repubblica басылымына сілтеме жасай отырып. Бұл думанда той иесінің сицилиялық достары ғана емес, АҚШ-тан да қонақтар келген.

Мереке от шашумен аяқталғаны белгілі болды, бұл оқиға қалада пиротехникаға тиым салған мэрдің ашуын тудырған.

Ди Маджо әкімшілік маңында орналасқан екі қабат зәулім үйде тұрады және өзінің мафиозиялық әулетінен бостандықта жүрген жалғыз өкілі болып есептеледі.

Чинизияда Дон Прокопионың тоғыз жаны бар деп айтады екен. Оның өміріне бірнеше рет қастандық жасалған және ол 20 шақты адам өлтіруге тапсырысы үшін түрмеге отырмаған. Оның бір ұлы адам қолынан көз жұмған, ал екіншісі қатаң режимдегі колонияда отырған көрінеді. Полицияның мәліметінше, жүз жасар босс әлі күнге дейін атақты сицилиялық "Коза Нострамен" байланыста.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!