Кореялық балаларды құлдықта ұстаған АҚШ азаматшасы ұсталды

Фотография - Кореялық балаларды құлдықта ұстаған АҚШ азаматшасы ұсталды

Нью-Йорк прокуратурасы үйінде ер бала мен оның туған қарындасын құл ретінде ұстаған әйелді анықтады.

362 0

Нью-Йорк прокуратурасы үйінде ер бала мен оның туған қарындасын құл ретінде ұстаған әйелді анықтады.

Мегаполис тұрғыны Сук Йонг Пак Оңтүстік Кореядан келген ұл мен қызды 6 жыл бойы құл етіп жұмсаған. Мәліметке сәйкес, АҚШ азаматшасы оларды 2010 жылы Оңтүстік Кореядан алып кетіп, артынша балалардың ата-анасымен хабарласпай қалған.

Ағайындылардың құжаттарын тартып алған ол, балаларды үйдегі жұмысқа жегіп, оларға дүкенде де жұмыс істеткен. Мұның өзінде олардың тапқан жалақысын көк тиын берместен, қалтаға басқан.

Қазір Сук Йонг Пакке "балалардың еңбегін заңсыз пайдаланып, физикалық күш көрсетті және олардың аман-саулығына нұқсан келтірді" деген айып тағылды, деп хабарлайды New York Post.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!