Угандада христиандар мешітті қайта тұрғызуға қаржы жинап берген

Фотография - Угандада христиандар мешітті қайта тұрғызуға қаржы жинап берген

Бостон қаласында тұратын угандалық христиандар туған жерлеріндегі ескі мешітті жаңартуға 12,5 миллион шиллинг көлемінде қаржы жинаған

297 0

Американың Бостон қаласында тұратын угандалық христиандар туған жерлеріндегі ескі мешітті қалпына келтіру үшін 12,5 миллион шиллинг көлемінде қаржы жинап берген. Уганда мемлекетінің оңтүстігінде орналасқан Накисунга округінің Муконо ауданындағы Намаибе мешітін қалпына келтіру жұмысына жүзден астам адам өз үлестерін қосқан.

Угандалықтардың Солтүстік Америка бойынша ассоцициясының комитет төрағасы Джеффри Нсереко өзінің туған еліне жасаған сапары барысында ескі мешітті көргенін айтады.

"Көлікпен келе жатып, ескі мешітті көзім шалды. Құлшылық ордасы қирап тұрған еді. Бұл жағдай менің жүрегімді ауыртты. Сосын өзіме қайтсем де көмектесемін деген уәде бердім", – дейді ол.

АҚШ-на қайтып келісімен Нсереко Канада мен Жапония елдерінде, басқа штаттарда тұратын отандастарымен хабарласып, қайырымдылық шарасына қатысуларын сұрайды. Олардың барлығы да түрлі көлемде ақша аударып, нәтижесінде 12,5 миллион шиллинг (Уганда ақшасы) жиналған.

Жиналған қаржы құлшылық ордасын қалпына келтіріп, ішкі жұмыстарын да жүргізуге толығымен жеткен. Намаибе мешітінің имамы Юсуф Касенге мұсылмандардың өз отандастарына алғысы ерекше екенін айтады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!