Арменияда доңыз тұмауынан 6 адам көз жұмды

Фотография - Арменияда доңыз тұмауынан 6 адам көз жұмды

Шын мәнінде бұл ауру құрбандарының саны одан да көп болуы мүмкін

212 0

H1N1 вирусын жұқтырып қаза болғандар туралы деректі елдің денсаулық сақтау министрлігі жария етті. Шын мәнінде бұл ауру құрбандарының саны одан да көп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта Эребуни медициналық орталығында Арагацотн ауданының 35 жастағы тұрғынының неден қайтыс болғаны зерттелуде. Сондай-ақ мамандар "Сурб Аствацамайр" медицина орталығындағы 10 айлық нәрестенің шетінеуіне не себеп болғанын анықтауы тиіс. Елдің денсаулық сақтау министрлігі "елде жаппай індет жоқ", - деп мәлімдеп, халықты сабыр сақтауға шақыруда. Дәл қазіргі уақытта халықты тыныс жолдары вирустарына, тұмауға, оның ішінде доңыз тұмауына да қарсы егу жұмыстары жүріп жатыр. Күні бүгінгі дейін 10 мыңнан астам адам егілді. Негізінен бұлар балалар, созылмалы аурулары бар және егде жастағы адамдар. Сондай-ақ Арменияда тыныс жолдарының жұқпалы дертімен ауырған адамдар саны көбейіп кеткен. Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сай, қазіргі уақытта елдің медициналық орталықтарында 855 адам емделіп жатыр, олардың 77-сі жансақтау бөлімдерінде, 11 адам жасанды демалдыру аппаратына қосылған, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!