Альпі тауында қар көшкінінен екі оқушы қаза тапты

Фотография - Альпі тауында қар көшкінінен екі оқушы қаза тапты

Қар көшкінінен қаза тапқандар Францияның екі оқушысы мен бір украиналық саяхатшы.

219 0

Францияның Альпі тауындағы шаңғымен сырғанауға арналған демалыс орнында қар көшкіні болып, салдарынан 3 адам қаза тапты. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Қар көшкінінен қаза тапқандар Францияның екі оқушысы мен бір украиналық саяхатшы. Сондай-ақ, елдегі шаңғы тебу мектебінің екі жеткіншегі мен бір мұғалімі ауыр жарақат алды.
Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, мектептегі қалған оқушыларды құтқарушылар аймақтан аман-есен алып шыққан.
Айта кетейік, қар көшкіннен кейін құтқару операциясына 4 тікұшақ пен 60-тан астам Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары және із кесетін иттер жұмылдырылды.
Бүгінгі таңда Франция Президенті Франсуа Олланд қаза тапқандардың отбасына қайғырып, көңіл айтты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!