Сириядағы сәбилердің жанайқайын әнге қосқан қыз бүкіл әлемді жылатты

Фотография - Сириядағы сәбилердің жанайқайын әнге қосқан қыз бүкіл әлемді жылатты

Бұл елде соңғы 15 жыл бойына қақтығыстар тоқтаусыз жүргізіліп келе жатқанын атап өткен жөн.

294 0

 Белгілі "Дауыс" шоуының балаларға арналған нұсқасына қатысқан 9 жасар сириялық қыз "Балалық шағымызды қайтарыңдар, бейбіт күнімізді қайтарыңдар" деп ән салып, бүкіл әлемді жылатты. Бұл туралы islam-today.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz хабарлайды.

Джина Боу Хамдан есімді қыз бала аталған шоудың Араб еліндегі нұсқасына қатысқан. Оның байқауда орындаған әнін алғаш рет ливандық әнші Реми Бандали шырқаған болатын. Ол кезде әнші бұл әнді Ливанда соғыс жағдайында өмір сүруге мәжбүр болған балаларға арнаған еді. Бұл елде соңғы 15 жыл бойына қақтығыстар тоқтаусыз жүргізіліп келе жатқанын атап өткен жөн. Енді сириялық бүлдіршін әнді өз еліндегі барша ойын балалары атынан орындап, әлемнің назарын аударды.

Қыз бала әннің ортасына келгенде көз жасына ерік берді. Алайда, тәлімгерлер және көрермендердің қолдауымен шығарманы соңына дейін орындап шықты. Бүгінде әннің видеосы ғаламторда кеңінен таралуда. Тек youtube-тегі бейненің өзін бір аптада 7,5 млн.-ға жуық қолданушы қараған. Осылайша, Джина Боу қантөгістен, зұлымдықтан, соғыстан әбден қажыған сириялық бейкүнә сәбилердің жанайқайын жеткізді.

Айта кетейік, Сирияда 2011 жылдың наурыз айында басталған қақтығыстар әлі тоқтаған жоқ. 2015 жылдың қазан айындағы дерек бойынша, соғыс салдарынан аталған елде 250 мың адам құрбан болған. Оның 75 мыңға жуығы бейбіт халық. Ал соның 12 571-і жас балалар екені көңілге қаяу түсіреді.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!