Түркияда полиция бөлімшесі маңында жарылыс болды

Фотография - Түркияда полиция бөлімшесі маңында жарылыс болды

Жарылыс салдарынан бір әйелмен оның баласы қаза тапты

140 0

Санаулы сағаттар бұрын Диярбакыр қаласындағы полицей учаскесінің маңында қуатты жарылыс болғаны жайында хабарланды.

 Куәлердің айтуынша, учаскенің жанында машина жарылған, оған бомба қойылды деген болжам бар. Бибиси мәліметінше, жарылыс салдарынан әйел адам баласымен бірге қаза тауып, 22 адам зардап шеккен.

Бұл осымен бір апта ішінде Түркиядағы екінші жарылыс. 12 қаңтар күні Стамбұл қаласында Сұлтанахмет алаңында лаңкес өзін өзі жарып жіберген. Жарылыс салдарынан он адам қаза тапты, оның сегізі неміс азаматтары. ҚР СІМ ақпаратына сәйкес жарылыс болған жерде Қазақстан азаматтары болмаған.

khabar.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!