Джакартада жарылыстардан көз жұмғандар саны 17 адамға жетті

Фотография - Джакартада жарылыстардан көз жұмғандар саны 17 адамға жетті

Индонезия астанасы Джакартадағы жарылыстардан қаза тапқандар саны 17 адамға жетті.

83 0

Индонезия астанасы Джакартадағы жарылыстардан қаза тапқандар саны 17 адамға жетті. 

Олардың бесеуі – шабуыл жасағандар. Бұдан басқа, марқұмдар арасында БҰҰ-ның қызметкері мен бір тәртіп сақшысы бар. Ол жарылыстардан кейінгі атыс кезінде көз жұмды. Тағы 3 содыр қолға түсті. Жергілікті телеарна арқылы халықты сабырға шақырған президент бұл жарылыстарды террорлық әрекет деп атады. Ал Индонезия барлау агенттігінің басшысы шабуылдардың "Ирак пен Левант лаңкестік тобына" қатысы жоқ екенін айтады. 

Джоко Видодо, Индонезия президенті: - Азаматтардың қаза тапқанына қатты қайғырамын. Құзырлы органдарға осы іске қатысы бар адамдардың барлығын тұтқындауға бұйрық бердім. Біздің тыныштығымызды бұзып, тұрғындардың көңіліне қорқыныш ұялатқандарды жазалаймыз. Ұлтымыз бұл әрекеттерден дүрлікпей, сабыр сақтай біледі деп сенемін.


24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!