Джакартада тағы да жарылыстар болды

Фотография - Джакартада тағы да жарылыстар болды

Құрбандар мен жарақат алғандар туралы әзірге ақпарат жоқ.

310 0

Индонезия астанасы Джакартада тағы да жарылыстар болды. Бұл туралы 24 kz хабарлайды.
Жаңа лаңкестік әрекеттер Түркия мен Пәкістан елшіліктерінің жанында жасалған. Құрбандар мен жарақат алғандар туралы әзірге ақпарат жоқ. Сондай-ақ полиция алты бомбаны залалсыздандырған. Ал осыған дейін болған жарылыстарды "Ирак пен Левант лаңкестік тобы" өз мойнына алды. Экстремистер "бұл шабуылдардың мақсаты – шетел азаматтары мен құқық қорғау органдарының өкілдерін көптеп қыру" деді. Соңғы ақпар бойынша, қанды қырғындардан 12 адам құрбан болған. Олардың арасында 2 бейбіт тұрғын, БҰҰ-ның қызметкері, бір полицей және Канада, Голландия мен Алжир азаматтары бар. Соңғыларын содырлар кепілдікке алып, кейін атып өлтіріпті. Шабуыл жасаған 2 жанкешті көз жұмып, тағы 3 радикалдың көзі жойылып, төртеуі қамауға алынды. Индонезия билігі қазір Бали туристік аралындағы қауіпсіздікті күшейтіп жатыр. Себебі лаңкестер Джакартадан кейін осы аймаққа шабуыл жасауды көздеп отырған көрінеді.

Күні кеше ғана Джакартада жарылыс болып 17 адам қаза тапқан болатын. Олардың бесеуі – шабуыл жасағандар. Бұдан басқа, марқұмдар арасында БҰҰ-ның қызметкері мен бір тәртіп сақшысы бар. Ол жарылыстардан кейінгі атыс кезінде көз жұмды. Тағы 3 содыр қолға түсті. Жергілікті телеарна арқылы халықты сабырға шақырған президент бұл жарылыстарды террорлық әрекет деп атады. Ал Индонезия барлау агенттігінің басшысы шабуылдардың "Ирак пен Левант лаңкестік тобына" қатысы жоқ екенін айтады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!