Сирияның Мадая қаласына гуманитарлық көмек жеткізілді

Фотография - Сирияның Мадая қаласына гуманитарлық көмек жеткізілді

Сирия мемлекетінің астанасы Дамаскіден Мадая қаласының ашыққан тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жөнелтілді.

243 0

Сирия мемлекетінің астанасы Дамаскіден Мадая қаласының ашыққан тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жөнелтілді. Азық-түлік пен қажетті заттар тиелген 50 жүк көлігі жолға шыққан.

Айта кетейік, бұл – ел астанасынан жөнелтіліп отырған екінші гуманитарлық көмек. Бірінші топ осыдан бірнеше күн бұрын Кефрайа мен Фуа қалаларына көмек жеткізген болатын.

Жыл басында БҰҰ Сирия мемлекетіндегі қоршауда қалған Фуа, Кефрайа, Дэйр-эз-Зор және Дарайа қалаларында 400 000-нан астам адамның аштық азабында екенін айтып, алаңдаушылық білдірген еді. Сондай-ақ, ел астанасы Дамаск маңындағы қалашықтардағы халықтың жағдайы да мүшкіл екенін айтқан.


muslim.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!