Жапонияда автобус құзға құлап, 14 адам қаза тапты

Фотография - Жапонияда автобус құзға құлап, 14 адам қаза тапты

Тау шаңғылы шипажайына бағыт алған саяхатшылар автобусы құзға құлап, салдарынан 14 жолаушы қаза тапты.

199 0

Жапонияның Нагано префектурасында орналасқан тау шаңғылы шипажайына бағыт алған саяхатшылар автобусы құзға құлап, салдарынан 14 жолаушы қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, қаза тапқандардың арасында жүрек соғысы тоқтағанымен, 11 саяхатшыны дәрігерлер ресми түрде мерт болғандардың қатарына қосқан жоқ. Ал апат кезінде түрлі жарақат алған 27 адам ауруханаға жеткізілді. Мәлімет бойынша, көлік ішінде 41 жолаушы болған.

Қазіргі кезде, полиция қызметкерлері оқиғаның негізгі себебін анықтау жұмыстарына кірісті. Алдын ала болжам бойынша, тәртіп сақшылары көлік апатын тау етегіндегі жолдың тар болуымен байланыстыруда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!